Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордада азық-түлік бағасы шарықтап тұр

AstanaTV
23.12.2020ж. 20:00
2938
Қызылордада азық-түлік бағасы шарықтап тұр

Қызылордада азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Жергілікті атқару органдары қыруар қаражат бөліп бағаны тұрақтандыруға тырысқан. Алайда ол базарға әсер ете қоймағанға ұқсайды. Жұмыртқадан бастап әлеуметтік маңызы жоғары тауарларға дейін қымбаттап шыға келген. Күйіп тұрған бағаны тілшіміз Мөлдір Тоқтасынқызы көзімен көріп қайтты.

Желтоқсан айы ызғарымен ғана емес, базар бағасымен де қызылордалықтарды қыспаққа алды. 30 теңгеден сатылған жұмыртқа бағасы бір ақ күнде қасқалдақтың қанындай таптырмай кетті. Макарон өнімдері, ұн және күнбағыс майы да қымбаттап шыға келген.

БЛИЦ:


- Шемішке майды соншама қымбаттатқаны не? Мәселе көп, соған үлкен басшылар, әкімшілік бәрі қараса, қадағаласа мүмкін сондай болмайтын еді.
- Қымбат, қымбатына, жұмыртқа жоқ. Мына жерде он штуктан беріп жатыр дейді. Ол не болады?
- Биыл өте шектен шықты деген сөз. Қатты қымбат. Мен өзім көп балалы анамын.
- Халықтың қалтасына ешқандай азық-түлік бағасының қонып тұрғанын көріп тұрған жоқпын. Өте жоғары. Қарапайым халық ондай көп айлық таппайды.


Жергілікті басшылар болса, бағаны бағындыра алмағандарын мойындайтын емес. "Қолдан келгенін жасадық, 29 әлеуметтік дүкен бағасын ұстап қалдық", дейді қызылордалық атқамінерлер.

Шахмардан ҚОЙШЫБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Жұмыртқа тапшылығы болмайды жаңа жыл қарсаңында. 3 млн. дана жұмыртқа кіреді. Жалпы әлеуметтік маңызы бар тауар түрлері сырттан келген сауда орындарда қымбат болуы мүмкін, бірақ әлеуметтік дүкендерде қолжетімді бағада тұр.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жыл басында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы қорға 834 млн. теңге қаржы бөлінген екен. Кейіннен, туындағын мәселеге орай қосымша 400 млн. теңге қарастырылыпты. Бірақ, оны халық сезіне алмай отыр. Базарда баға сол беті шарықтап тұр.

М. Тоқтасынқызы