«Ауыл» партиясы азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етпек. Бұл туралы бүгін партиялықтар Түркістан облысының фермерлерімен кездесуінде айтты.
«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын бүгін Түркістан облысында жалғастырды. Арнайы штаб өкілдері жергілікті халыққа сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп қана қоймай, ауылдағы шаруалармен де жүздесті. Олар елдегі азық-түліктің сапасы мен оның қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Әсіресе, ел аумағында ГМО өнімдерінің қаптап кеткеніне тоқталды. Ұзақ мерзімде сақталатын тауарлар аса қауіпті екенін атап, болашақта мұндай өнімдерден түбегейлі бас тартуға ниет білдірді. Партия өкілдері ГМО өнімдерінің кесірінен отандық шаруалар да шығынға ұшырап отыр, деді.
Тұрсын ТАСҚОЖЕВ:
Біздің шаруашылықтың шығарған өнімі талапқа сай. Био гомезбен менеральная удобрениені бір 50 пайызға қысқартса болады да. Біз соны істетеміз. Қазір өзімізден шығып жатқан өнім бионгмез, өзіміздің бір гектарға жетіп тұр.
Сондай-ақ, кандидаттар ауыл шаруашылығын қолдау бүгінде ақсап тұр, - дейді. Олардың пікірінше, "мемлекеттік субсидия алу шарттары тұрақсыз. Ол үнемі өзгеріп отырады". Осыған байланысты "Ауыл" партиясы өкілдері пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, сондай-ақ жанар-жағармай мен жем-шөпті қаржыландыру тетіктерін енгізуді мақсат етеді.
Болатбек ҚЫСТАУОВ, "АУЫЛ" ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Негізгі шаруалардың ұсыныстарын ескере отырып, кейбір субсидия түрлерін қысқарта отырып, шаруаларға жеңілдетілген несиені жеткізіп беру. Шектік деңгейі 4 пайыздан асырмауды көздеп отыр.
А. Мүтәлі