$517.84 €543.11 ₽5.28
×

"Ауыл" партиясы отандық бизнеске қолдау көрсетпек

AstanaTV
25.12.2020ж. 20:00
2431
"Ауыл" партиясы отандық бизнеске қолдау көрсетпек

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы отандық бизнеске барынша қолдау көрсетпек. Бұл туралы партиялықтар елді-мекендерді аралап, халықпен жүздесу кезінде айтып жүр.

«Ауылдықтар» бүгін үгіт-насихат жұмыстарын Ақтөбеде жалғастырды. Бұл жолы олар ауыл шаруашылығы кооперативінің ұжымына барып, өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Партия мүшелері елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, таза ауыл өнімдеріне ден қоюға ниетті. Сондай-ақ, олар елді-мекен халқының тұрмысын көтеруді мақсат етеді. Әсіресе, ауылды сапалы жол, орталықтандырылған су мен газ жүйесімен қамтуды, сондай-ақ, интернет желісіне қосуды көздейді. Елді-мекендерде коворкинг орталықтарын ашып, кітапхана жұмысын жаңдандырмақ. Кәсіпкерлікті қолдап, жұмыссыздық мәселесін шешу де "Ауыл" партиясы үшін маңызды.

Қайрат АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ХДП ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауыл шаруашылықта көп субсидия мәселесі, несие мәселесі қалай болады. Ол бір жылға ғана беріледі. Егістік мәселесі бір жылға ғана беріледі. Оны екі жылға көбейтеміз. Оны үш жылға дейін өзгерту керек деп отырмыз.


Партия өкілдерінің сөзінше, бүгінде Қазақстанда тек шикізат өндіріледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің біз сырттан импорттаймыз. Ақтау портының өзі елімізде тек алты түрлі шикізатты сыртқы нарыққа жібереді. Ал қалған 60 түрлі азық-түлік өнімін біз шетелден алып отырмыз деді. Осыған байланыста ауылдықтар ел аумағындағы кәсіпорындардың санын көбейтіп, өндірістің көлемін арттырмақ.

Кенжеғали МАШЫРЫҚОВ, «АУЫЛ» ХДП ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Өзбекстан елі біздің астығымызды алады да ұн қылып шығарып, Өзбекстанның қабын қаптап шетелге шығады. Вот біздегі мәселе. Осыны біз жою керекпіз.


Партиялықтар бұдан бөлек, көпбалалы аналарға қолайлы жағдай жасау тетігін жасамақ. Олар үш бала тәрбилеп отырған отбасыларды да көп балалылар санатына жатқызу қажет, дейді. Одан бөлек, ауылда еңбек ететін аналардың зейнет жасын 53- жасқа дейін азайтуды ұсынып отыр.

Жалғас КӨЗДІБАЕВ, «АУЫЛ» ХДП ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бәрімізде ауылда өстік. Негізгі тамырымыз ауылда жатыр. Үш баладан жоғары аналар көпбалалы ана саналып, 18 жасқа келгенше ең болмағанда базалық пенсия көлемінде зейнетақы төлеп тұру соларға. Ертең балалар өскенде балалар сол ақшаны олар оқуға әрі қарай жұмсаса.

Зейін ӘЛІПБЕК, "АУЫЛ" ХДП ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сондай-ақ, бәріне белгілі "бала нәсібі" деп аталатын жәрдемақы тағайындауды ұсынып отырмыз. Ол бойынша әрбір балаға тек 1-жасқа дейін ғана емес қазіргідей, кәмілеттік жасқа толғанға дейін, яғни 18 жасқа толғанша арнайы тұрақты түрде, жүйелі түрде төлемақы беріп отыруды ұсынып отырмыз.

«Ауыл» партиясының үгіт-насихат жұмыстары Қызылорда облысында да жалғасты. Партия өкілдері Арал ауданындағы балық шаруашылығын аралап, халықпен жүздесті. Ауылдықтардың пікірінше, елде балық өнімдерін тұтыну мәдениеті қалыптаспаған. Соның кесірінен сала ішкі нарықта дамымай отыр. Партия өз сайлауалды бағдарламасында осы балық өнімін қайта өңдеу мен оны экспортқа шығару жағын қарастырған екен. Әсіресе, бекіре мен лососьті көптеп өсіріп, оны халықаралық нарыққа шығаруды мақсат етеді. Кандидаттар бұл үшін елде қажетті ресурстық әлеует жетеді, дейді. Бұл шаруашылықты дамыту арқылы жергілікті халықтың әл-ауқатын да жақсарта аламыз деп отыр "Ауыл" партиясының мүшелері.

А. Мүтәлі