Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Базарлардағы отандық өнімнің үлесін арттыру қажет,- Ж.Ахметбеков

AstanaTV
28.12.2020ж. 20:00
1317
Базарлардағы отандық өнімнің үлесін арттыру қажет,- Ж.Ахметбеков

Отандық өнімнің үлесін арттыру қажет. Елордалық базарлардың бірін аралаған Қазақстан халық партиясы өкілдері осылай деді.

Үгіт-насихат жұмыстары аясында Қазақстан халық партиясы мүшелері елордалық базарлардың біріне барды. Олар азық-түлік бағасы мен сапасын бақылап, отандық өнімге деген сұраныстың қаншалықты деңгейде екенін анықтап көрді. Сондай-ақ Қазақстан халық демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасын кәсіпкерлерге таныстырды. Үгіт-насихат тобын бастаған партия белсендісі Жамбыл Ахметбековтің айтуынша, базардағы тауарлардың 30-40 пайызы ғана отандық өнім. Қалғаны - импорт. Сондай-ақ бұл елордадағы ғана емес, жалпы республикадағы көрініс деп отыр.   

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚХП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:

Отандық тауар өндірушілерге көп қолдау көрсетуіміз керек. Ал сапасы жақсы болуы үшін жерді өңдеуде жаңа технологияларды қолдану қажет. Ол үшін де мемлекет тарапынан қолдау қажет. Міне, сонда ғана біз нарықты толық қамтамасыз етіп, егер де нарығымыз толып жатса қалғанын шетелге шығара аламыз.

Қазақстан Халық партиясы олқылықтың орнын толтыру үшін «тұрақтандыру қорының» мүмкіндіктерін кеңейту қажет деп есептейді. Соның арқасында тұтынушыға сапалы отандық өнім ұсынып қана қоймай, азық-түліктің бағасын ұстап отыруға болады деді.

Айта кетейік, Мәжілістің соңғы екі шақырылымында төменгі палатадан орын алған Қазақстан халық партиясы 7-ші шақырылымнан да дәмелі. Осы жолғы додаға кандидат ретінде 113 адамды ұсынып отыр. Бүгінгі күні партияның 14 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада штабы бар. Олар үгіт-насихат жұмыстарын қолға алған.

Ә. Өмірзақ