Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Ауыл" партиясының кандидаттары шаруалармен кездесті

AstanaTV
28.12.2020ж. 20:00
1347
"Ауыл" партиясының кандидаттары шаруалармен кездесті

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мал шарушылығын несиелеуді қолжетімді етпек. Бұл туралы партияның үгіт-насихат тобы Шығыс Қазақстан облысын аралау кезінде айтты.

«Ауылдықтар» сайлауалды науқан кезінде Шығыс Қазақстан облысының 8 ауданы мен үш қаласын аралады. Ал бүгінгі кездесу майлы дақылдар өндіретін сүт фермасында жалғасты. Ірі кәсіпорын сүт малының генетикасымен айналысады. Мұнда тәулігіне 36 тонна сүт өңдейді. Жұмыс толығымен  автоматтандырылған. "Ауыл" партиясының мүшесі Рабиға Тоқсейітова, шаруаларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты агросекторда арнайы заң жобасын қабылдау қажеттілігі туралы мәселе көтерді. Партия мүшелері сондай-ақ,  аграрлық шаруашылық қолдауды аса қажет ететінін сала екенін баса айтты. Елді-мекендердегі жеке меншік фермерлерде мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылық қолдау қолжетімді болуы тиіс, дейді үгіт-насихат тобының мүшелері.

Рабиға ТОҚСЕЙІТОВА, "АУЫЛ" ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің бағдарламамыз мал шаруашылығын дамытуды, соның ішінде мал басын көбейтуді көздейді. Жем-шөп, бидай дақылдарын өзімізде өндіріп, сонымен айналысқысы келетін шаруаларға жеңілдіктер қарастыруды мақсат етеді. Партиямыз жеке қосалқы шаруашылықтарға қолдау көрсетуді де қарастырған. Ал бұл жеке шаруамен айналысатын адамдар қазір қаржылық ресурстарға қол жеткізе алмай отыр. Оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да қолжетімсіз
.

Рабиға Токсейітованың айтуынша, партия қазір мал шаруашылығы саласын жандандыру бағдарламасын қарастырып жатыр. Аграршылардың мал басын өсіруге деген ынтасын көтеру үшін жеңілдетілген несие беруді ұсынады. Ол ұзақ мерзімге 2-3 пайыз мөлшерлемемен берілмек.  "Ауыл" партиясы мұны сайлауалды бағдарламасында арнайы тоқталған.  

А. Мүтәлі