$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Жас отбасыларды баспанамен қамту бағдарламаларын жетілдіру қажет - "Ақ жол" партиясы

AstanaTV
28.12.2020ж. 20:00
1277
Жас отбасыларды баспанамен қамту бағдарламаларын жетілдіру қажет - "Ақ жол" партиясы

"Ақ жол" демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы елордалық сайлаушыларымен кездесті. Жиында жастарды баспанамен қамту және елдегі рухани құнылықтарды арттыру тетіктері талқыланды.

Елордалықтар партияның сайлауалды бағдарламасымен танысты. Партия мүшелері жастарға арналған тұрғын үй мәселесін жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Себебі, көптеген мемлекеттік бағдарламалар олар үшін тиімсіз деп отыр. Сондықтан жас отбасыларға арналған баспана санын арттырып, түрлі жеңілдіктер қарастырмақшы.  

Дәния ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ең бірінші мәселе мынау кітапханадағы жастардың – ол мынау үй мәселесі. Себебі 140 қызметкердің 40 пайызы осы жастар. Оларлдың ең біріншіден жалақысы көп емес. Сондықтан мына қазіргі мемлекеттік бағдарламалардың біреуіне де қатыса алмайды. Сондықтан осы біздің ақжолдық бағдарламамыз ипотеканы субсидиялау  жастаға өте тиімді болады деп есептеймін. Себебі жер берілген, Үкіметтен жер берілген енді тек, жатақхананы қондыру қажет.


Ақжолдықтар көпбалалы отбасыларға да көңіл бөліп отыр. Сайлауалды бағдарламада оларға арнайы бөлім қарастырылған. Онда дүниеге келген әр бала үшін  ипотеканың 25 пайызы мемлекет тарапынан қаржыландырылады делінген. Бұдан бөлек, жасөспірімдерге арналған кітапхана мәселесі сөз болды. Партия мүшесі Дәния Еспаева, халықтың рухани әлеуетін арттыруға де ниетті екендерін атап өтті.

Дәния ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Ақ жол» партиясы жастарға мол мүмкіндік ұсынып отыр. Әсіресе өз ісін бастаймын деген азаматтарға қолдау көп. Тек онымен шектелмей әлеуметтік мәселелерді де шешуге үлкен күш салуды жоспарлап отырмыз. Кітапханаларға келсек, бұл бағытта да түйіткілді мәселелер көп екенін аңғардық. Оларды жеделдетіп шешуді қолға алу қажет.

Ғ.Өтемісов