$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қазақстан халық партиясы үгіт-насихат жұмыстарымен Шымкент қаласына келді

AstanaTV
30.12.2020ж. 20:00
2371
Қазақстан халық партиясы үгіт-насихат жұмыстарымен Шымкент қаласына келді

Қазақстан халық партиясы үгіт-насихат жұмыстарымен Шымкент қаласына келді. Шаһардың тұрмыс тіршілігімен танысып, ақ халаттылармен кездесті.  

Қазақстан халық партиясының үгіт-насихат тобы, үшінші мегополистегі медицина саласының проблемаларымен танысты. Дәрігерлермен кездесуде, оларды толғандырған сауалдарға жауап берді. Негізінен ақ халаттылардың әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілуі, дәрігерлердің статусы сынды мәселелер көтерілді.  

Гүлайша МҮСІЛТАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Пандемия кезінде медицинаның төмен екенін көрдік. Бізде қазір бәрі ақылы. Соның барлығын тегін ету керек, оқуды да. Медицина қызметкерлерінің статусын көтеруіміз қажет. Себебі бұл кісілер күндіз-түні жұмыс істеді. Олаодың 3 ай бойына қалай жұмыс істегенін барлығымыз білеміз.


Сондай-ақ партиялықтар сайлауалды бағдарламасында білімге үлкен басымдық беріп отырғандарын мәлімдеді. Республикада саны көп, сапасы сын көтермейтін білім ошағы көп деді. Тиісті реформа арқылы саннан сапаға көшу маңызды, сол арқылы білімді күшейту керек депотыр. Ал бұл өз кезегінде саланың жақсаруына сеп болмақ.

Марат АБДУЛАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Сұраныс жоқ жоғары оқу орындарының санын азайту қажет. Соның арқасында бізде қажеттілірінде білімнің сапасын жоғарылату мүмкіндігі туады. Яғни сан емес сапаға мән беруді мақсат етеміз. Сондай-ақ тегін білім барлығын халыққа қол жетімді болуы қажет.

Айта кетейік, Мәжілістің соңғы екі шақырылымында төменгі палатадан орын алған Қазақстан халық партиясы 7-ші шақырылымнан да дәмелі. Осы жолғы додаға кандидат ретінде 113 адамды ұсынып отыр. Бүгінгі күні партияның 14 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада штабы бар. Олар үгіт-насихат жұмыстарына ат салысып келеді.

Ә. Өмірзақ