Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Ауыл» партиясының өкілдері оралдықтармен кездесті

AstanaTV
30.12.2020ж. 20:00
3198
«Ауыл» партиясының өкілдері оралдықтармен кездесті

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы шикізат өнімдерін елде өңдеуге жағдай жасамақ. Батыс Қазақстан облысындағы сайлаушыларымен кездескен, партияның үгіт-насихат тобы осыны айтты.

Бұл аумақта «Ауыл» партиясының 6 мыңға жуық мүшесі бар. Бүгін олар өңір халқымен кездесіп, партияның сайлауалды жоспарларын таныстырды. Жергілікті халықтың мәселелерін тындады. Әсіресе, ауылдағы ағайынды титықтатқан ауыз су мен жол мәселесін шешуді көздеп отыр. Мәдени орталықтарды салу, жастарды ауылға тұрақтандыру да «ауылдықтар» үшін маңызды. Сондай-ақ, олар шалғай елді-мекендерді әбден мезі еткен интернет мәселесін де көтерді.

Арман БЕГАЛИЕВ, «АУЫЛ» ХДП ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Ер азаматты ауылдан көшіруге болар еді, жұмыс беремін, үй беремін деп. Ал енді ер азаматтың жүрегінен ауылды көшіру мүмкін емес дейді. Қазір елдің көп азаматтары ауылдан қалаға көшіп келді. Қалада тұрғылықты адам болғанымен, оны ата-анасы ауылда, сондықтан ауылым – алтын бесігім деп ауылымыз мықты болса, біздің қаламыз немесе біздің еліміз мықты болады.

Мынатаубиік ӘНЕСОВ, «АУЫЛ» ХДП ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстанның тәрбие көрген азаматы ешқандай жемқорлық, келеңсіз мәселелерге тап бола бермейді. Екінші мына отбасы құндылығына келгенде - ана мәселесі. Үш бала яғни Қазақстанның үш азаматын өсіріп-тәрбиелеген анаға көпбалалы ана деген статус берілуі керек. Сонда ғана ол кісі 53 жасында зейнетке шығады.

Үгіт-насихат тобы, өндірістік кешендерді де аралады. Бұл салада да проблема аз емес. Арзан әрі ұзақ мерзімдік кредиттік ресурстардың қолжетімсіздігі, қосылған құн салығының тиімсіздігі өнеркәсіп кешендерінің жұмысына кедергі, дейді мамандар.

А. Мүтәлі