Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкентте электр жүйелері жаңартылып жатыр

AstanaTV
30.12.2020ж. 20:00
1985
Шымкентте электр жүйелері жаңартылып жатыр

Шымкентте электр жүйелері жаңартылып жатыр. Бұл - «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының жаңғырту бағдарламасы аясында атқарып жатқан игі жұмыстарының бірі. Шаһардың іргесіндегі ауданнан қосылған ауылдардың да электр желілері ауыстырылып, сапалы қуатпен қамтылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы биыл Шымкенттің іргесіндегі алты бірдей елді-мекеннің жарық мәселесін түбегейлі шешті. 26 трансформаторды жаңадан орнатып, 72 шақырымға созылған желіні жаңартты. Бұл - ауылдар, төрт жыл бұрын облыс қарамағында болған. Сол кезде халық жеке-меншіктегі құрылғылардан қуат алып келіпті.

Әділбек АНАРБАЕВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Ол біздің инвестициялық және модернизация бағдарламасы бойынша. Әзіргі таңға ескі жер асты және әуе желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Мегаполисте биыл сондай-ақ, төрт шағын станса толықтай жаңартылыпты. Жаңғыртудан өткен қуат тарату көздері заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Сапа ғана артқан жоқ, мамандардың да жұмысы жеңілдеген.  

Руслан ТӘЖІБАЕВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС ҚОСАЛҚЫ СТАНСАЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ШЕБЕРІ:

Бұрынғыдан енді бұның артықшылығы бұл жаңағы бізде көріп тұрғандарыңыздай бұл жаңа заманауи электр құралдары, ол әлдеқайда тиімді. Оңай. Жұмыс қызмет атқару сапасы да жоғары. Сондықтан бұл жерде ең басты мақсаты қауіпсіз және қолайлы.


«Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің тағы бір жаңалығы энергия есептеуіш құрылғылардың да автоматтандырылғаны. Қазір бақылаушылар бұрынғыдай үй аралап жүрмесе де болады. Көшелерге мынадай есептеуіштер орнатылып жатыр. Компанияның келесі жылға жоспары да айқын.

Әділбек АНАРБАЕВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

«Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан келесі жылы 2021 жылы өзінің тарапынан модернизация бойынша жаңадан бес елді-мекенге электр қуаты қамтамасыз ету бойынша 30 км электр желілері тартылады. 13 транформатор қондырғы қойылады.

Жарыққа жауапты мекеме, қызмет сапасын жақсарту мақсатында қажетті техникаларды да жаңартып жатқанына куә болдық. Бүгін төрт ауданға арнайы көтергіш көліктің кілті тапсырылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы биыл ұзын саны 21 арнайы техника тапсырған. Келер жылы да көлік санын арттырмақ. Түпкі мақсат халыққа сапалы әрі тұрақты қуат тарату деді.

А. Төребекқызы