Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елдегі шекара бекеттеріне қазақ батырларының есімі берілмек - Б.Смағұл

AstanaTV
30.12.2020ж. 20:00
3333
Елдегі шекара бекеттеріне қазақ батырларының есімі берілмек - Б.Смағұл

Елдегі шекара бекеттері біртіндеп қазақ батырларының атымен аталмақ. Мұндай ұсынысты қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл 5 жыл бұрын ұсынған болатын. Ол осылайша қарулы күштер мен әскерилер арасында ұлттық рухты жаңғырту қажет дейді.

Тәуелсіздік алғалы, өшкеніміз жаңғырып, жоғалғанымыз қайта табылды. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе тіктедік. Енді елдіктің туын биіктен желбірету маңызды қадам. Соның бірі әскери бағытты қазақыландыру ісі. Мемлекет қайраткері Бақытбек Смағұл алдағы уақытта шекара атаулары Кенесары, Бөгенбай, Қабанбай сынды батыр бабалардың атына өзгеретілетінін жеткізді.

Бақытбек СМАҒҰЛ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
 
Өзіміздің шекара саласын қазақыландыру. Әсіресе заставалардың ұлы батырлардың есімін ұлықтау. Сол арқылы жауынгерлердің батырлар рухымен рұхтануына тоқталдық.

Бақытбек Смағұл шекара шегенделген соң, ұлтаралық алауыздықтың алдын алу үшін Елбасы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіргенін де ұтымды шешім деді. Бұл саяси серпіліске ұласқанын еске түсірді. Қиын кезеңге қарамай қабылданған игі бастамалардың, қазір жемісін көріп жатқанымызға тоқталды.

Бақытбек СМАҒҰЛ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
 
Сағымданған сар дала Сарыарқаға маңдайының бір терін төкпестен, көзінің бір тамшы жасын, бір тамшы қанын ағызбастан сұқ көздерін сұғып отқандар жоқ емес. Жер жәннаты Жетісуға сыймай бара жатқан жоқпыз, қимай бара жатырмыз деген еді. Сөйтіп келіп, тұғырлы астананы осында орнатты.

30 жылда қазақ елі жетістікке жетті. Осы жолда талайлардың тер төккені бәріне де аян. Бастапқы 3 жылда қорғанысты мықтап, өз әскерімізді құрдық. Ұлттық валютасын жариялап, төл рәміздері бар іргелі елге айналдық. Ендігі борыш бірлігі жарасқан, тірлігі нығайған ел мәртебесін ұстап тұру екенін әр азамат түсінсе дейді.  

Ғ.Өтемісов