$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде жеке клиника дәрігеріне қатысты сот процесі басталды

AstanaTV
04.01.2021ж. 20:00
2552
Ақтөбеде жеке клиника дәрігеріне қатысты сот процесі басталды

Ақтөбеде жеке клиника дәрігеріне қатысты сот басталды. 2019-шы жылы қазанда 20 жастағы жергілік тұрғын, екпеден соң қайтыс болған еді. Сот онлайн өтуде. Айыпталушы дәрігер өзіне тағылған айыппен келіспейді. Сот залындағы деректерге сенсек, жас жұбайлар сәби сүюді армандап емханаға келген. Ол жерде дәрігерлер жас келіншекке ота жасау үшін, екпе салған. Бірақ, емделуші ота үстінде қайтыс болыпты. Алдын ала болжам бойынша, марқұм төртінші дәрежелі анафилактикалық шок алуы мүмкін. Артынша қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталған болатын. Бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалған еді. Прокурор қайғылы жағдай препараттың әсеріне болды дейді. Сотта сөз алған арнайы комиссия мүшелерінің де пайымы -  осы. Олар медициналық процедураға дейін, екпеге алдын ала тексеріс жасалмағанын айтады.

Кәмшат СӘЛІМГЕРЕЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:

Бұл процедура өте тез жасалған. Дәрігер 40 милиграмм дәріні бар болғаны он минутттың ішінде қысыммен жіберген. Сол - келіншектің ішкі органдарын жарып жіберді деген қауіп бар және ол қатты ауырсыну туғызған. Жәбірленуші жанұшыра айқайлаған бірақ дәрігер процедураны тоқтатпаған.

Б. Рақметова