Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу аяқталды

AstanaTV
05.01.2021ж. 20:00
1832
Сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу аяқталды

Елде алдағы Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына қатысушылар үшін бес мыңнан астам электоралды оқыту іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина мәлімдеді. Оның айтуынша, сайлау науқаны басталғалы комиссия деңгейінде 40 семинар өткен. Оған мыңнан астам сайлау мүшелері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты. Өңірлер де оқыту курстарынан қалыс қалмады.  Оқыту шараларына түрлі аймақтан 150 мыңға жуық адам қатысыпты.

Сабила МҰСТАФИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Комиссия мүшелері сайлау рәсімдерінің мазмұны сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін қолжетімді және түсінікті болуы үшін барлығын жасады. Электоралдық оқыту сайлау құқығының базалық нормаларын, сайлаудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын зерделеуге бағытталған. Сайлау туралы ақпараттарды халыққа барынша дәріптеуге мүмкіндік жасалды.


Қазіргі уақытта сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу аяқталды. Бақылаушы ретінде 10 халықаралық ұйымнан – 322 адам және 31 шет мемлекеттен 76 адам тіркелген.

Ғ.Өтемісов