$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елде бір миллионға жуық отбасына жаңа баспана салынбақ – «Nur Otan» партиясы

AstanaTV
05.01.2021ж. 20:00
1668
Елде бір миллионға жуық отбасына жаңа баспана салынбақ – «Nur Otan» партиясы

Nur Otan партиясының республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысына барды. Мұнда билеуші партия өкілдері қала мен ауыл тұрғындары, кәсіпорын және зиялы қауым өкілдерін қамтыған 20-ға жуық кездесу өткізді.

«Сарыарқа АвтоПром» зауытының жұмысшыларымен кездесуде республикалық штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Алдағы 5 жылда облыста 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу, 3 мың шақырымға жуық автожол салу және жөндеу,  әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсыну жобалары жоспарлануда. Бұдан кейін нұротандықтар өңірдің зиялы қауым өкілдерімен ұлттық мәдениет пен руханиятты дамыту, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту мәселелерін талқылады.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Елбасы кезінде «Рухани-Жаңғыру» атты бағдарламаны бастады. Сосын «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында тарих туралы айтты, мәдениет туралы айтты. Біздің мәдениетіміз дамымаса, әрине біздің рухымыз биік болмайды. Олсыз ештеңе болмайды. Сондықтан біз оны әрине түсінеміз. Билеуші партия ретінде біз осы мәселелерге үлкен көңіл бөлеміз. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтеміз.  

Партия өкілдері Рудный қаласының тұрғындарымен де кездесіп, қалалықтарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын және моноқалаларды қоса алғанда, өңірлерді дамыту сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарының бірі.  Бұл үшін шағын қалаларда жолдарды жөндеп инженерлік инфрақұрылымды дамытпақ.

Қалқаман ЖАҚЫП, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол мінекей заңды жағалай, пысықтап, соны тереңінен зерттеп, зерделеп, ой елегінен өткізіп тамаша қызмет жасап жатыр. Өз басым ғана емес, отбасым «Nur Otan» партиясына дауыс береміз.

Ғ.Өтемісов