Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде екі қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

AstanaTV
06.01.2021ж. 20:00
1763
Ақтөбеде екі қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Ақтөбеде екі қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты. Оттан жапа шеккен тағы 7 адам бар. Оның екеуі түтінге уланып қалған. Бір адам аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Тілсіз жаумен өрт сөндірушілер екі сағат алысқан көрінеді. От, үйдің 100 шаршы метр жерін шарпып үлгеріпті.

Айбат ЖАҢАБЕРГЕНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ:

Өкінішке орай, өрттің орнында ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда ол ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен тергелуде.


Сәкен ҚАПАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

 
Түнде екі адам түскен газбен уланған. Ер адам жаңсақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта, екінші әйел адам терапия бөлімшесінде жатыр. Жағдайы қалыпты. Екеуі де емін алып жатыр.

Қазіргі уақытта, оттың шығу себебі анықталып жатыр. Өрттен келген материалдық шығын мөлшері әзірге белгісіз.

Б. Рахметова