Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ жаңа Президентін ұлықтау апталығын Димаш Құдайберген ашады

AstanaTV
05.01.2021ж. 20:00
1601
АҚШ жаңа Президентін ұлықтау апталығын Димаш Құдайберген ашады

Әлемге әйгілі Димаш Құдайберген, АҚШ жаңа Президенті Джозеф Байденнің инаугурациясына қатысады. Ұлықтау апталығының өзі қаңтардың 17-не жоспарланған. Ал, Димаштың концерті бір күн бұрын басталады. Қазақ әншісінің онлайн концертін Sister Cities International атты бауырлас қалалардың халықаралық ұйымы ұйымдастырғалы отыр.

Димаштың концерті пандемияға байланысты онлайн режимде өтпек. Жаңа президентті ұлықтау рәсімін ашып беретін Димаштың концерті - DIMASH DIGITAL SHOW деп аталып отыр. Концерті қазақ жұрты қаңтардың 17 күні Елорда уақытымен таңғы 6-дан 8-ге дейін тамашалай алады.

Ә. Лесбек