Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Солтүстік аймақтарда ресейлік номер ілген көлік қаптап кетті

AstanaTV
06.01.2021ж. 20:00
7798
Солтүстік аймақтарда ресейлік номер ілген көлік қаптап кетті

Ал, солтүстік аймақтарды ресейлік номер ілген көлік қаптап кетті. Ресми деректерге жүгінсек бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында әр бесінші көлік ресейлік көрінеді. Бұл өңірдің экономикалық әлеуетіне кері әсер етпей қоймайды. Қызылжарлықтар орыс машинасына неге құмар? Абзал Құрманкин біліп көрді.

Суният Тайжанов - ресейлік көлік мініп жүргендердің бірі. Ол, темір тұлпарын екі жыл бұрын жаңартыпты. Отандық номер ілінген, ішкі нарықтағы көлікті алғысы ақ келген. Бірақ, қазақстандық көлікке ақшасы жетпепті.

Суният ТАЙЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Жағдайыма қарай алдым. Жұмысқа, жүріп тұруыма. Бұл мәшін арзанға түсті. Шынын айтса, 500 мыңға.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 155 мың көлік тіркеуде тұрған. Биылғы сан одан көп төмен. 128 мың көлік қана бар көрінде. Бұл қазақстандық номер ілгендер. Ал, ресейлік көліктер керісінше күрт көбейді. Бірақ олар отандық мәліметтер базасына тіркелмеген. Осының кесірінен аймақтың салық түсімі төмендеп кетті.

Жанболат БАТЫРБЕКОВ,  ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

2019 жылы жеке тұлғалардан көлік салығы ретінде 800 миллион теңге төлем түсті. Ал, 2020 жылы 430 миллион теңге ғана пайда кірді. 19-шы жылғы көп түсімге мемлекеттік кіріс департаментінің борышты өтеу жұмысын жүргізуі себеп болуы мүмкін. Негізінде, Петропавлде 60 мың көлік салығы жиналады. Ал, ресейлік тіркеуде тұрған көліктерден бізге салық түспейді.


Ресейлік көліктердің арасында тарихы бұлыңғыр тұлпарлар аз емес. Жергілікті полиция деректеріне қарағанда, Петропавл көшелерінде көрші елде ұрланған көліктер де жүрген көрінеді.

Данияр ҒАЛИАҚПАРОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

2020 жылы полиция департаментімен Ресей Федерациясы аумағы бойынша агрегаттық нөмірлері өзгертілген 7 автокөлік анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 326 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Ресей федерациясына аталған көліктер бойынша сұраулар жіберілді.


Тәжірибелі экономист Азамат Баймағамбетовтің айтуынша, ресейлік көліктер аймақтың көлік нарығын құлдыратуы мүмкін.

Азамат БАЙМАҒАМБЕТОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАГИСТРІ:

Бұл тек солтүстікте ғана емес, Ресеймен шекаралас жатқан Қазақстанның бес аймағында бар. Барлығы қосымша көлік салығынан қағылып отыр. Бұны бөгемесе, олардың саны көбейе береді. Армениялық көліктер сияқты мәжбүрлі түрде тіркеуге алсақ мәселе шешіледі. Бұл проблеманың Республикалық деңгейде қарауымыз керек.


Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Бұл ретте жұрттың пікірі екіге бөлініп отыр. Бірі отандық көлік паркінің жаңаруын қолдаса, енді бірі көлік нарығының дағдарысынан қорқып отыр. Дегенмен көлік жүргізушілері, "Билік бұл мәселені назарына алуы керек", деп есептейді.

А. Құрманкин