Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда ашылғанына бір апта болған тутұғырдан Мемлекеттік ту екі мәрте түсірілді

AstanaTV
06.01.2021ж. 20:00
3566
Атырауда ашылғанына бір апта болған тутұғырдан Мемлекеттік ту екі мәрте түсірілді

Атырауда ашылғанына бір апта ғана болған  тутұғырдан  мемлекеттік ту екі мәрте түсірілді. Биіктігі 91 метрлік тұғырдан тудың жарты айда екі рет көрінбей қалуы атыраулықтарды алаңдатты. Айдың күннің аманында көк туымыз неге түсе берді? Базаргүл Нәдірқызы анықтап көрді.

Жаңа жыл қарсаңында ашылған ту тұғырын атыраулықтар қуана қабылдаған. Олардың ішінде Нұрлан Темірғалиевте бар. Бүгін ол кешенге туыстарын алып келген екен. Алайда, көк туымыз көрінбейді.

Нұрлан ТЕМІРҒАЛИЕВ:

Ту болған жақсы еді. Үлкен кісілерге көрсетейін деп едім. Бүгін жоқ, өкінішке орай. Сапалы болу керек. Және ұзақ тұру керек қой.

Табиғат НЫҒЫМЕТОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір жұма болды ма, болған жоқ па, уже жоқ. Ол желге де, бәріне де берік болып тұратын  зат қой шынында. Ол кемістік. Дұрыс жасамаған  деп ойлаймын мен өзім. Ту  тұғырлы болсын дейді ғой қазақ.

Туды жинап алдырып жүрген әкімдік көрінеді. "Ауа –райының қолайсыздығынан, регламентке сай алып тастадық", дейді құрылыс басқармасының өкілдері.

Мерей ЖАНТӨРЕЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Секундына 7-8 метрге дейін көтерілген жағдайда және қатты жаңбыр болған кезде және қар жауған кезде міндетті түрде түсіргізеді. Екінші себебі оның ту тұғырдың өзі бар ғой тұрған  оның өзі желмен қатты қозғалған кезде деформация береді.  Оның өзінен белгіленген мерзімнен бұрын істен шығып кетуі де мүмкін.

Сөйтіп, күн-райының қолайсыздығынан көк байрағымыз екі рет жиналыпты. Яғни, желдің күші секундына 7 метрден асса ту төменде.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ту тұғыры - құрылысы жүріп жатқан кезде ақау берген. Комиссия шешіміне қарағанда жаңа тұғыр, темірдің дәнекерленген жерінен үзіліп кетіпті. Ал, нысанда ондай жалғанған 8 жері бар екен. Айта кету керек. Бұл ту тұғыры Түркияда жасалған.

Б. Нәдірқызы