Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

COVID-19 коронавирусының таралуы өршіп тұр

AstanaTV
08.01.2021ж. 20:00
2073
COVID-19 коронавирусының таралуы өршіп тұр

Індет құрбандары мен науқастар саны көбейіп келеді. Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 1 апта ішінде 57 адам қайтыс болған. Осылайша, елде COVID-19 құрбандары көктемнен бері 2352-ге жеткен. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ресми ақпарат. Дертке шалдыққандар саны да күн сайын артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде 830-дан астам жағдай анықталыпты. Ең көп жұқтыру дерегі Алматы қаласы мен Атырау облысында тіркеліп отыр. Осылайша, республика бойынша ауырғандар саны 160 мыңнан асты.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:


Бүгінгі күні коронавирусқа шалдыққан 22 мыңнан астам науқас ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Жалпы сырқаттанушылар арасында 291 адамның жағдайы нашар. Дәрігерлер, олардың 49-ының ахуалын аса ауыр дәрежеде деп бағалап отыр. 50 адам өкпені  жасанды желдету құрылғысына қосылған.

Қытайдағы, індеттің таралу ошағы - Ухань қаласында төтенше жағдай жарияланды. Өйткені, ғалымдар мұнда COVID-19 жұқтырғандар саны үш есеге көбейіп кеткенін анықтаған. Уханьда осы күнде мектептер мен қоғамдық орындар жабық тұр. Қалаға кіріп-шығуға да қатаң тыйым салынды. Тіпті пошта қызметі де 3 күнге тоқтатылды. Ал, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 89 миллионға жуықтады. Соңғы бір тәуліктің өзінде 126 мыңдай жаңа жағдай анықталған.

А. Данияр