Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Парламенттік сайлауға қатысты ОСК-ға 382 мыңға жуық өтініш келіп түскен

AstanaTV
08.01.2021ж. 20:00
1776
Парламенттік сайлауға қатысты ОСК-ға 382 мыңға жуық өтініш келіп түскен

Орталық сайлау комиссиясына, заңды және жеке тұлғалардан 382 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Өтініштер Call-орталықтар мен жергілікті атқарушы органдардың онлайн сервистері арқылы қабылданыпты. Бұқараны негізінен сайлаушылар тізіміндегі мәртебесі және дауыс беру пункттерінің мекен-жайлары қызықтырған. Бұдан бөлек, орталық сайлау комиссияна қоғамдық ұйымдарда көптеп хат жазыпты.

Ерлан ДАУЫЛБАЕВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

ОРТсайлауком белгіленген мерзімде толық жауап берді. 12 өтініш ОРТсайлаукомның құзырына кірмейтін ретінде заңда белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді. 6 өтініш заңнамаға сәйкес қараусыз қалды. Соның ішінде азаматтардың мәселесі мәні баяндалмаған 4 өтініші және жаңа дәлелдер келтірілмеген, қайталанған 2 өтініш бар.


А. Мүтәлі