Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбыл облысында сарбаздардың қар көшкіні астында қалуына кінәлі деген майорға жаза тағайындалды

AstanaTV
14.09.2017ж. 20:00
2655
Жамбыл облысында сарбаздардың қар көшкіні астында қалуына кінәлі деген майорға жаза тағайындалды

Жеті сарбаздың өліміне жол берді деп айыпталған әскери азамат 3 жылға сотталды. Ол Жамбыл облысының Көксай шатқалында қар астында қалып қаза тапқандар ісіне қатысты айыпталған еді. Бұл істі Шымкент гарнизонының әскери соты қарады, судья Гүлмира Усманова бүгін үкімді оқыды.

Гүлмира Усманова, Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы:

Әскери сот Бақыт Шойбековті ҚР ҚК 453 бабы 2 тармағымен кінәлі деп тауып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. ҚК 63 бабына сәйкес сотталушының жазасын шартты мерзім деп белгіледі.

Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімнің бұрынғы штаб бастығы Бақыт Шойбеков қызметіне селқос қарау салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соғу бабымен айыпталған. Мемлекеттік айыптауда "ол ауа райының қолайсыздығын біле тұра, жаттығуға жауынгерлерді жіберді" делінген. Істі қарау барысында оның бұрын сотты болмағаны, жұмыс орнындағы мінездемесінің жақсы екені, отбасының жалғыз асыраушысы және жас балалары бар екені ескерілді,- деді судья. Мұнан бөлек қаза тапқан жауынгерлердің туыстары да оны айыптамайтыны қаперге алыныпты.

Еске салайық, Жамбыл облысындағы Көксай шатқалына оқу жаттығуға барған бір топ сарбаз 17 ақпан күні қар көшкінінің астында қалып қойды. 7 жауынгер оқиға орнында қаза тауып, 16 адамды құтқарушылар қар астынан аршып, аман алып қалған еді.