Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Пара алды деп айыпталған Бауыржан Мусинге қатысты сот отырысы өтті

AstanaTV
14.09.2017ж. 20:00
2119
Пара алды деп айыпталған Бауыржан Мусинге қатысты сот отырысы өтті

Ірі көлемде пара алды деп айыпталған Бауыржан Мусиннің қорғаушылары сот отырысы Астананың Есіл ауданында емес, Алматы аудандық сотында қаралғанын қалайды. Себебі олар істің жүргізілетін заңды орыны сол деп есептейді. Сондай-ақ күдіктінің адвокаты істі басқа судья мен прокурор қараса деген өтінішін де жеткізді. Алайда, бір отырыс барысында бірнеше рет ауысқан судьялар бұл өтінішті негізсіз деп тапты. Қорғаушы болса бұл шешім заңға қайшы екенін айтып отыр.

Нұрлан Бейсекеев, Б.Мусиннің қорғаушысы:

Арнайы заң бар. Онда  «егер қылмыс бір ауданда басталып, екінші аудан териториясында аяқталса, тергеу амалдары аяқталған ауданда қаралсын»-делінген. Мусин айтып өткендей, тергеуді Астананың сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Алматы ауданының төңірегінде аяқтаған. 

Еске салсақ, наурыз айында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты комитет төрағасының орынбасары Бауыржан Мусин кезекті рет 400 мың теңге пара алып жатқанда ұсталған болатын. Тергеу амалдарының дәйегіне сәйкес ол мемлекеттік сатып алуларға араласып, өз ықпалын жүргізіп, осы "еңбегі" үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған. Жымқырған қаржының жалпы құны 1,4 миллион теңгеге жуықтайды.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ