Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды, - У.Умаханов

AstanaTV
11.01.2021ж. 20:00
1760
Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды, - У.Умаханов

Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауына шетелдік бақылаушылардың берген бағасы - осы. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының байқаушылар миссиясының мүшесі Умахан Умаханов саяси науқан кезінде елордадағы 49 сайлау учаскесін аралаған. Ол дауыс беру кезінде ешқайысында құқықбұзушылық болмады, деді. Сонымен бірге ел билігінің эпидемиологиялық жағдайды ескеріп ерекше дайындалғанын ерекше атап өтті.

Умахан УМАХАНОВ, ҰҚШҰ ПА БАҚЫЛАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ (РЕСЕЙ):


Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты қорғаныс құралдары, бір реттік маскалар мен қолғаптар таратылды. Барлығы уақытында зарарсыздандырылып отырды. Жәшіктер мөлдір шыныдан жасалыпты. Менің ойымша, кеше байқаушы болған парламент өкілдері де, Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастырылу деңгейін көрді және өз елдерінде бұл тәжірибені қолданады деген ниеттемін.


А. Данияр