Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Халықаралық бақылаушылар сайлау науқанына баға берді

Халықаралық бақылаушылар сайлау науқанына баға берді

Елдегі Парламенттік сайлауға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйымының өкілдері оң бағасын берді. Халықаралық бақылаушылар сайлау пандемия кезінде сәтті жүзеге асқанын жеткізді. Ол үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Бұл ретте шетелдік сарапшылар мемлекеттік органдардың халықаралық бақылаушылармен өзара іс-қимылын жоғары бағалап отыр.

Кристиан ВИГЕНИН, ЕҚЫҰ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МИССИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
 
Біз өз миссиямызды атқару кезінде жауапты мемлекеттік органдар тарапынан қолдау алдық. Өйткені, олар бізді өздері шақырды. Сондықтан бізбен ынтымақтастықты сол деңгейде жалғастырады және барлық бірлескен міндеттемелерді орындайды деп үміттенеміз.

Парламенттік сайлауды байқау жөніндегі халықаралық комиссия мүшелігінде, 20 елден 48 байқаушы бар. Олардың басым бөлігі – ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сарапшылары. Шетелдіктер Қазақстанға желтоқсан айының басында келген. Сондықтан бақылаушылар қиын эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлауға дайындықты алдын-ала бағалауға мүмкіндік алғандарын жеткізді.

Ярослав МАРЧИН, ДОМАНЬСКИ - ДИАҚБ САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛІ МИССИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Әрине, біз пандемия кезінде бұл процестерді жүргізу қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Және оны өз есебімізде көрсетіп жаздық. Дауыс беру күні барлық процес сәтті өткенін айқтым келеді.

Ғ.Өтемісов