Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әлем тарихына кіретін ірі көлемдегі героин Алматыдан тәркіленді

AstanaTV
13.01.2021ж. 20:00
1431
Әлем тарихына кіретін ірі көлемдегі героин Алматыдан тәркіленді

Алматыда, жалпы құны 1 млрд АҚШ долларынан асатын героин тәркіленді. Бұл - көлемі жағынан әлем тарихындағы үшінші жағдай көрінеді. 2,5 мыңға жуық қап тиелген жүк көлігі, Алматыда тоқтатылған. Көлікпен бірге ұсталған күдіктілер арасында Түркия азаматтары да бар көрінеді. Ираннан шыққан есірткі заттары Еуропаға бет алған. Ауқымды операцияға Германия, Беларусь, Литва, Польша және Ресей мен Нидерланды күштік құрылымдары да қатысқан. Қылмыстық іс қозғалып, тәркіленген есірткі заттары толықтай жойылды.

Жақсылық МЫРЗАХАН, АЛМАТЫ қ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл транзиттің бағытында кетіп бара жатқан көлік жүргізушілері анықталды. Бұлардың құжаттары тексерілді. Бұлар тек қана Қазақстанның аумағынан өтпек болған. Жалпы, бұлардың ұйымдастырушылар, тапсырыс берген азаматтар басқа елде тұратындығы анықталған болатын.

Алматыдан ұсталған есірткінің жалпы салмағы 1,1 тоннадан асады. Бұдан ірі көлемдегі героин 2007 жылы АҚШ-та және 2019 жылы Британияда тәркіленген болатын. Ол, елдерде жалпы салмағы 1,3 тонна есірткінің көзі жойылған. {СОҢЫ}

А. Кемелжан