Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«FlyArystan» әуе компаниясының жолаушылары әуежайға түнеуге мәжбүр болды

AstanaTV
13.01.2021ж. 20:00
1712
«FlyArystan» әуе компаниясының жолаушылары әуежайға түнеуге мәжбүр болды

«FlyArystan» әуе компаниясының жолаушылары, кешегі түнде тағы да әуежайға түнеуге мәжбүр болды. Шымкенттен Ақтау мен Нұр-Сұлтан қалаларына билет алған жүздеген адам уақытында ұша алмады. Билет қалтада болғанымен діттеген жеріне жете алмаған жолаушылардың шағымын әріптесім Айзада Төребекқызы жеткізсін.

Бұл - Шымкенттен Ақтауға ұшуы тиіс жолаушылар. «FlyArystan» компаниясының ұшағына билет алғандар кеше күндізгі бесте әуеге көтерілуі тиіс болған. Ауа-райына байланысты деген хабарлама жіберіліп, рейс бірнеше рет кейінге шегеріліліпті. Алайда әуежайда қаңтарылған халықтың төзімі таусылған.

Жолаушылар арасында Ақтауға жету үшін Алматы, Тараз, тіпті Қызылордадан келген жолаушылар бар. Жолынан қалғандар нақты себебін ешкім түсіндірмей жатқанын алға тартты.

Айбек ИМАНҚҰЛОВ, ЖОЛАУШЫ:


Себебін білмейді өйткені. FlyArystan  өзі айтып тұр, жас балалар келді да: мен хабарды жеткізем деп тұр тек.  – Летчик жоқ дейді.. –Летчик екі рет қона алмай кетті дейді. Ол қандай летчик сонда?! Қалған самолеттар ұшып-қонып жатыр. Флайарыстанды студент айдап кеткен ба, практикант айдап кеткен ба? Бәрі ұшып қонып жатыр.
   
Қожаберген БЕЙСЕНОВ, ЖОЛАУШЫ:

«Біздің әуе компаниясы үшін қауіпсіздік ең маңызды»,- дейді. Ал басқа әуе компаниялар самолеттары келіп жатыр, қонып жатыр. Ешқандай проблема болып жатқан жоқ...

Аталған компанияның түнде Нұр-Сұлтанды бетке алуы тиіс ұшағы да кейінге қалдырылды. Төрт сағат тосуға мәжбүр өзбекстандық кәсіпкер таңға дейін елордаға жетпесе маңызды жоспары күл талқан болады ма деп дегбірі қашып тұр. Айтуынша одан әрі Түркияға жол жүруі тиіс екен.

Жанибек ПРИМОВ, ЖОЛАУШЫ:

Машинамен барсам да, самолетпен барсамда баруым керек сол үшін. Оған кім жауап береді? Түсінбеймін, сонда Қазақстанда ешқандай жауапкершілік деген нәрсе жоқ па..сонда кім жауап береді?!


«FlyArystan»  компаниясының өкілдері бүгін мән-жайды телефон арқылы түсіндірді.

Ләззат НӘБИЕВА, «FLYARYSTAN» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Здвиг ветра, яғни әуежай маңайында осындай желдің жылжуы себептерінен қауіпсіз отырғызу мүмкін болған жоқ. Осы себептен Нұр-Сұлтаннан ұшып шыққан рейс Шымкентке қона алмай, Алматыға кетті. Одан кейін Алматыдан ұшып шыққаннан кейін Шымкентке келіп, Шымкенттің былайынша айтқанда үстімен айналып, қайтуға тура келді.  

Шымкент- Нұр -Сұлтан бағытын көздеген жолаушылар 5 сағатқа, ал Ақтауға бет алғандар бақандай он жарым сағатқа жолынан қалды. Жалпы, өткен тәулікте аталған әуе компаниясының төрт рейсі уақытынан кешіккені белгілі болды.
 
А. Төребекқызы