Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматы облысындағы ірі жол апатынан 6 адам зардап шекеті

AstanaTV
15.01.2021ж. 20:00
2686
Алматы облысындағы ірі жол апатынан 6 адам зардап шекеті

Алматы-Қапшағай тасжолында 7 көлік соғылды. Соның салдарынан 6 адам зардап шекті. Жол апатына көлік жүргізушілері қоқыстан шыққан түтін себеп болғанын айтады. Ал, құзырлылар мұны жоққа шығарды. Әріптесім Әсем Лесбек тараптарды тындап көрді.

Жүк көлігінің жүргізушісі Ырыскелді Сержанов, кешегі жол апатынан зардап шеккендердің бірі. 25 қара малды тиеп әкеле жатқан. Тура Байсерке ауылы маңынан өтіп бара жатқанда түтіннен жолды көру мүмкін болмады дейді. Соның салдарынан алдымдағы көлікке келіп соғылғанын айтты.

Ырыскелді СЕРЖАНОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Именно осы жерге келгенде мына жақтан ана мусорканы көріп тұрсыздар ғой соның түтіні осы жолға қарай шығып кеткен ғой. Қап-қара түтін болды, ештеңке көрінбеді. Сондықтан осындай авариялар болып жатыр.

Ал, оның алдындағы көлік жаяу жүргіншілерді қағып өткен. Абырой болғанда адамдар аман.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жол апаты кеше кешкі сағат 8 дер шамасында мына мен тұрған Байсерке ауылының маңында болған. Ол кезде мұнда қою тұман тұрыпты. Соның салдарынан 3 жүк көлігі мен 4 жеңіл көлік бір-бірімен соқтығысқан. Жүк көліктердің бірі мал тиеп бара жатыпты. Қатты соққыдан оның екі сиыры өлген.

Дегенмен облыстық Төтенше Жағдайлар Департаменті, қоқыс полигонында өрт болды дегенді жоққа шығарып отыр.

Азамат ЖҰРТБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы-Қапшағай тас жолында орналасқан қоқыс полигонынан өрт шықты деген ақпаратты біз растамаймыз.  Ол жалған ақпарат. Біздің қызметкерлер оқиға орнына барып мән-жәйді біліп қайтты. Ол жерде қоқыс полигонында ешқандай өрттің шығу себебі, түтіндеудің тіркелмеген.


Облыстық Полиция Департаментінің хабарлауынша жол апатынан 6 адам зардап шеккен. Жарақат алғандар 25 пен 55 жас аралығында, қазір олар амбулаториялық емделуге жіберіліпті.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Абырой болғанда қатты зардап шеккен адам болған жоқ. Алайда көліктердің бірі екі жүргіншіні қағып кеткен. Бірақ зардап шеккен жүргіншілерге оқиға орнында қажетті медициналық көмек көрсетілді. Аталған жол апаты бойынша әкімшілік хаттама тотырылып шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

"Қазавтожол" мамандары да, өз бастарын арашалап әлек. Жол-көлік оқиғасы кезінде тас жол мұздан таза болды деп отыр. Апатқа ауа-райының қолайсыздығы кедергі болуы мүмкін - дейді.

Айдана АЙДЫНҚЫЗЫ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ АҚЫЛЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ДИРЕКЦИЯСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазавтожол Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Алматы-Қапшағай учаскесінде жол-көлік оқиғасы болған сәтте көк тайғақ болмағанын хабарлайды. Тазаланған үш жолақ бойынша қауіпсіз әрі кедергісіз көлік қозғалысы қамтамасыз етілген.

Жол апаты тіркеуге алынып, іс сотқа жөнелтілген. Қазір келтірілген шығын есептеліпп жатыр. Бірақ оны кімнің өтейтіндігі әзірге белгісіз.  Ол тергеуден соң сот анықтамақ. дегенмен жол сақшылары қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға шақырады.

Ә. Лесбек