Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Индонезияда 6,2 балдық жер сілкінісінен зардап шеккендер көбейді

AstanaTV
15.01.2021ж. 20:00
2259
Индонезияда 6,2 балдық жер сілкінісінен зардап шеккендер көбейді

Индонезияда магнитудасы 6 балдан асатын зілзала болып, тұрғын үйлер қирады. Жер сілкінісіне шыдас бермей құлап қалған ғимараттар ішінде ауруханалар да бар. Көптеген адам үйінді астында қалған. Құтқару операциясына сан алуан техника мен жүздеген адам тартылды. Алдын ала болжамдарға қарағанда жер сілкінісінен 40-қа жуық адам қаза тауып 600-ден астам адам зардап шеккен. Екі мыңға тарта тұрғын баспанасыз қалды. Жер сілкінісін қайталануы мүмкін. Бұл ақпаратты жауапты мамандар жоққа шығармады. Индонезияның метеорология мен геофизика агенттігінің хабарлауынша, тағы бір зілзала болса оның арты алып цунамиге әкеліп соғуы мүмкін.

Д. Мұхаммедкәрім