$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбыл облысында есірткі бизнесі есірді

AstanaTV
15.01.2021ж. 20:00
1137
Жамбыл облысында есірткі бизнесі есірді

Жамбыл облысында есірткіге есі кеткендер азаяр емес. Өткен жылғы 12 айдағы қортынды бойынша есірткі қылмысының 815 дерегі тіркелген. Бұл көрсеткіш 2019-шы жылы 797 болған. Яғни 2 жарым пайызға өскен. Аймақтағы полиция осындай хабар таратты. Ал заңсыз айналымнан 2019 жылы 2 тонна 993 келі есірткі тәркіленсе, былтыр 3 тонна 278 келіге жуықтапты.

Асқар ЖҰМАБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Оның ішінде 3 т. 200 кг. марихуана, 75 кг. астам гашиш, 1 кг. астам героин және 2 кг 200 гр. синтетикалық есірткі. Сонымен қатар, Жамбыл облысының аумағында шамамен 251 га жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.

Құзырлылардың мәліметіне сенсек, 120 дерек есірткі сату, 68-і аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтау бойынша тіркеліпті. Бұған қоса, есірткіні заңсыз жарнамалау бойынша 3 дерек ашылған. Контрабандалық жолмен 6 қылмыстың жолы кесіліпті. Құрамында есірткі бар өсімдіктерін заңсыз өсірумен 26 қылмыс анықталып отыр.

Б. Жұмабайұлы