Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Есірткіні ауыз су сүзгісіне жасырған қылмыскер сотталды

AstanaTV
18.01.2021ж. 20:00
1646
Есірткіні ауыз су сүзгісіне жасырған қылмыскер сотталды

Қазақстан мен Ресей арасында есірткі тасымалдап жүрген қылмыскер 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта мәлім болғандай, 29 жасар қызылжарлық - синтетикалық есірткіні ауыз суға қойылатын сүзгі ішіне жасырып алып жүрген. Оның сыбайласы Көкшетаудан табылды. Көкшелік 19 жасар бойжеткен, Омбыдан жеткен есірткіні бөліп, қораптарға салып отырған екен. Айласын асырып жүрген курьерді полиция жарты жыл іздеген. Ақыры сыбайластар Елордадан ұсталды. Тінту барысында олардан синтетикалық есірткінің 200 дозасы табылды.

Иван ТЕРЗИДИ, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Ұсталған азамат аптасына немесе айына бір рет есірткіге толған су сүзгілерін жүк ретінде Қазақстанға жіберіп отырған. Синтетикалық есірткіні шекарада табу қиын. Мефедрон біздің облыста алғаш рет тіркеліп отыр. Жалпы, жыл басынан бері аймақта синтетикалық есірткінің 1,5 келісі тәркіленіп, 70-ке жуық қылмыстың беті ашылды.

А. Құрманкин