Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный ұшақтан түсе салып қамауға алынды

AstanaTV
18.01.2021ж. 20:00
1898
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный ұшақтан түсе салып қамауға алынды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный ұшақтан түсе салып қамауға алынды. Навальныйдың қамауға алынатынын бүкіл әлем білген. Сондықтан да еуропалық сарапшылар оған үйіне қайтпайуға кеңес берді. Алайда, оппозиционер бәрібір отанына барды.

Бұл Алексей Навальныйдың әйелі Юлияның Instagram парақшасына жариялаған бейнеролигі. Оның елге оралуынан тек Ресей емес, күллі әлем хабардар еді. Навальный ұшқан ұшақ іші жолаушылардан бұрын журналистерге толды. Оппозиционердің ұсталатынын бәрі білді. Берлиннен ұшқан ұшақ Внуково әуежайына қонуы тиіс еді. Алайда, Кремл оны Шереметьевоға қондырды. Өйткені, Внуковоға Алексей Навальныйдың мыңдаған жақтастары жиналды.

Навальныймен бірге, Билік 60-қа жуық адамды ұстады. Ресми дерекке сенсек, оған «Ив Роше» компаниясынан ірі көлемде қаржы ұрлады және өзінің YouTubе-арнасынан елдің ақшасын жымқырды деген айыптар тағылды. Бұл айыптың бәрі ойдан құрастырылғанын, бүкіл ақпарат құралдары жарыса жазды.

Юлия НАВАЛЬНАЯ, АЛЕКСЕЙ НАВАЛЬНЫЙДЫҢ ӘЙЕЛІ:

Олар Алексейден қатты қорқады, сондықтан олар Мәскеудегі барлық рейстердің алдын алып тастады. Бір адамға бола қаншама азамат зардап шегіп отыр. Ең бастысы, Алексей қорықпайтынын айтты. Мен де қорықпаймын. Мен сіздерді қорықпауға шақырамын. Қолдау үшін барлығыңызға үлкен рахмет.

Оппозиционердің ұсталуы еуропалық саясаткерлерді алаңдатты. Франция, Аустрия, Эстония және Германия мен Балтық елдері ресми мәлімдеме жасады. АҚШ басшылығы да қарап қалмады. Төрткүл дүние Кремлді сынады.

Джейк САЛЛИВАН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:


Навальныйды дереу босату керек, ал оның өміріне қауіпті әрекет жасағаны үшін кінәлілер жауапқа тартылуы керек. Кремльдің Навальныйға жасаған шабуылдары тек адам құқығын бұзу ғана емес, бұл оны қолдайтын Ресей халқына да қорлық.

Ал, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүкіл Ресейдің таң қалдырды. Ол, Навальныйдың ұсталғанынан бейхабар көрінеді. "Кешірім сұраймын. Ол, Германияда ұсталды ма? Мен білмейді екенмін", - деп жауап берді Песков. Ал, Ресейдің СІМ өзге елдерді бұл іске араласпауына кеңес берді. Оппозиционердің ұсталуы әлем саясаткерлерін ғана емес Ресей халқын да алаңдатты. Елдің айтуынша, "Қалай болғанымен бұл тартысты Навальный ұтып отыр".

Дмитрий ГУДКОВ, РЕСЕЙ САЯСАТТАНУШЫСЫ:


Навальныйды тұтқындаса да, жұмыс істеуіне кедергі келтірсе де Кремл жерге қарап қалды. Қалай болғанымен Навальный ұтты.


Ал дауға айналған мәселенің әзірге қалай шешілері белгісіз. Оппозиционер соты бүгін басталды. Ал, Үкімі қаңтардың 29 шығуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, Алексей Навальный өткен жылдың тамыз айында "Новичок" химиялық қаруынан уланды. Бірнеше ай бойы ол Германияда ем қабылдап еліне енді оралған.

Ғ.Өтемісов