Батыс Қазақстан облысында қойылған ескерткіштердің кейбірі көркемдік талапқа сай емес. Бұл жайында «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңес отырысында белгілі болды. Жиналғандар былтырғы жылы атқарылған жұмыстарды пысықтады. Біраз ұсыныс оң шешімін тапқан. Ұсыныстардың көбісі әлеуметтік-мәдени салалар мен отбасылық құндылықтарды қамтиды. Сонымен қатар алдағы жоспарларын айқындап алды. Жуырда өткізілген сайлау барысын талқылаған кеңес мүшелері өңірдегі ескерткіштер сапасына да назар аударды.
Қуандық МӘДІР, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ «МИРАС» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бөкей Ордасы ауданында мысалы, кейбір ескерткіштер бар. Енді оны кішкене жөндеу керек, алу керек, басқасын жасау керек орнына. Негізі бағыты дұрыс. Бірақ жасалу сапалары төмен. Ол жерде мамандар жұмыс істеу керек. Оның пропорциялары, адамның сәйкестігі, ұқсастығы секілді мәселе бар.
Е. Карин