Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда бес әскери бөлімге қызмет көрсететін мекеме жұмысшылары жалақысыз қалды

AstanaTV
20.01.2021ж. 20:00
3248
Атырауда бес әскери бөлімге қызмет көрсететін мекеме жұмысшылары жалақысыз қалды

Атырауда тағы жалақы дауы.  Бес әскери бөлімге қызмет көрсететін мердігер мекеменің 80 жұмысшысы еңбекақысын ала алмай жүр. Жалақы ғана емес зейнетақы төлемі мен медициналық жарна сияқты әлеуметтік төлемдерде аударылмаған көрінеді. "Аш, жалаңаш", қалдық деген жамағатпен Базаргүл Нәдірқызы сұхбаттасты.

«Әскери құрылыс Астана» серіктестігінің мұндай жағдайға тап болатынын ешкім күтпеген. Бір ғана Атырауда 5 әскери бөлімге қызмет көрсетіп отырған мердігер 80 жұмысшыға қарыз болып қалды. Жұмысшылардың сондағы жалақысы 50 мың теңгенің төңірегінде көрінеді. Еңбекақы ғана емес зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарнасы да аударылмаған.

Айнагүл БӨЛЕКБАЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Еңбек инспекциясына шағымданғанбыз, бірақ арызымызды кері алуға мәжбүр болдық. Бізге уәде беріп, арыздарыңызды ал деп бізге қолқа салған соң алдық. Онымен ешқандай нәтиже болған жоқ.  Бір-екі ай өткізгеннен кейін қайтадан біздің жалақымыздан кешіктіру болды.


 Медет БИТЕНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кредит 11-і күні төлейтін мерзімі өтіп кетті. 11-інде  төлеуім керек еді, күнде мазалайды. Плюс коммуналдық қызмет бар. Өзім пәтер  жалдап тұрамын. Пәтер иесі келіп, ақшасын сұрап жатыр.+ 8-і түседі деді, 8-і жоқ. 10ы түседі деді 10ы жоқ.

Мердігер Атырауда ғана емес бірнеше қалада қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның батыс филиалы Ақтауда орналасқан. Өкілдік басшылары жалақы дауынан ат-тонын ала қашқан. Осыдан кейін жұмысшылылар еңбек инспекциясына арызданған. Алайда басқарма пандемияны алға тартып, онлайн шағым сұраған. Сөйткен басқарма у-шуды естіп жұмысшыларға бүгін өздері келді.

Кемел ИМАНҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бізге ақпарат түсті осы кісілер жиналып жатыр деген осындай мекеменің. +қазір ұжымдық арыздарын алып, тіркетіп, мекемеге тексеру тағайындаймыз. Тексеру тағайындап, берешек анықталған жағдайда мемлекеттік инспектормен нұсқама енгізіліп, заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

«Әскери құрылыс Астана» серіктестігі басшылығы болса, батыс аймақтарға 30 миллион теңге қарыз болып қалғанын мойындап отыр. Сөздеріне сенсек, серіктестік есеп шоты бұғатталып қалған көрінеді. Қарыз төленеді, дейді компания басшылығы.

Олжас  БЕКМҰХАМБЕТ, «ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС АСТАНА» ЖШС ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ:

 
Прокуратура, еңбек инспекциясы және әділет министрлігінің араласуымен бұл мәселе шешіліп жатыр. Тапсырыс беруші қаржыны аударды. Бірақ, жеке сот орындаушылардың тиымынан кейін есеп шот бұғатталып төлей алмай қалдық. Дәл қазір уәде бере алмаймын. Апта соңына дейін немесе келесі жұмада төленеді деп олаймын.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Қарызы көп елордалық кәсіпорын келісім-шарттан айырылған. Қаңтардың бірінен бастап ол жұмыс басқа мердігерге жүктеліпті. Жұмысшылар болса, "Жаңа мекеме жалақыны кешіктірмейді", деп үміттенеді.


Б. Нәдірқызы