Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанда ет неге қымбат?

AstanaTV
20.01.2021ж. 20:00
5599
Қазақстанда ет неге қымбат?

Қазақстанда еттің бағасы қымбаттады. Әсіресе, жылқы мен қойдың еті. Бұған қарап жатқандары шамалы. Өйткені тұтынушыларда көбейген. Energyprom.kz порталы зерттеу нәтижесін ұсынды. Дерек көзіне сенсек, өнімнің бағасы 5%-ға дейін өскен. Мал шаруашылығымен танылған елде еттің құны неге шарықтап тұр? Базардағы сауданы бағамдап қайтқан тілшіміз жалғастырады.

Бізде ет өнімін тұтыну көлімі артқан. Жылына әр адам 21 келі ет жейді. Етті жақсы көретіндердің тізімін Қарағанды мен Ақмола облыстары бастап тұр. Олардың әрқайсысы жылына 26 келі ет жейтін көрінеді. Бірақ  етке сұраныс көбеймеген. Мұны базардағы сатушылар айтты.

Ғазиза РЫСАЛИЕВА, САТУШЫ:


Сиырдың еті 2100 теңгеден басталады, 2500-ге дейін көтеріледі. Сүйектен сылынып алған еттер 2800 теңге. Мысалы жем-шөп қымбат бізде, малды бағу оңай емес. Мал аз деп түсіндіреді. Етке сұраныста көп емес. Көбісі соғым алып алған, мысалы.

Баға әр аймақта әртүрлі. Мәселен Қызылордада ет бағасы былтыр күзден бері тұрақты. Жылқы етінің келісі 2000 теңге, сиыр еті – 1800 теңгеге сатылуда. Ал, елордалықтар жылқы мен қойдың етін көбірек тұтынады екен. Қазір оның бағысы 200 теңгеге қымбаттаған. Мұны сатушылар малдың тапшылығымен байланыстырды.

Рауан, САТУШЫ:

Ет жоқ деп жатыр ғой. Бізге қалай арзан әкеледі, бізде арзан сатамыз. Егер қымбат әкелсе, үстіне қосып қымбат сатамыз. Ет жоқ. Сосын шетелге кетіп жатыр дейді.

САТУШЫ:

Менің таксиім бар жалдайтын. Келгеннен кейін зертханаға төлеймін, анализдерім бар. Сонымен 1900 теңгеге шығады. Енді мен қазір 2000 теңгеден сатып отырмын. Халық неге арзан бағамен сатпайсыңдар деп талап етеді.

Бір жылдың ішінде қой еті 16, ал жылқы еті 11,9, сиыр еті 8 пайызға қымбаттаған. Бұқара ет бағасының қымбат екеніне шығам айтты.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздер малды өзіміз өсіреміз, неге қымбаттайды? Әрине, бізге арзан болғаны дұрыс. Өзіміздің етіміз ғой.

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қымбат енді шынымен де қымбат. Оны бағып отырған адамдардың да шығыны сондай шығар.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал тапшылығы жоқ екенін жеткізді. Айтуларынша, ішкі нарықты сиыр етімен 97%, қой етімен 100% және жылқы етімен 98% қамтамасыз етілген. Ал, баға неге көтерілгенін жауаптылар түсіндіре алмады.

А. Данияр, М. Тоқтасынқызы, Б. Нәдірқызы