Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбыл облысында полицей қызметтік көлігімен адам қақты

AstanaTV
20.01.2021ж. 20:00
2123
Жамбыл облысында полицей қызметтік көлігімен адам қақты

Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік көлігімен адам қақты. 48 жастағы әйел алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды.

Қайғылы жағдай кеше түнде Шу қаласының вокзалы маңында болған. Рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді, 25 жастағы аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі қаққан. Куәгерлердің айтуынша, қызметтік көліктің жүргізушісі мас болған, әрі өзінің құзырлы орында жұмыс істейтінін жасыру үшін  көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкеткен. Алайда, полиция департаменді бұл мәліметті жоққа шығарды. Олардың сөзінше, қараңғы көшеде жолға атып шықан кісіні аға лейтенант абайсызда қаты деп отыр. Қазір бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Полиция қызметкері қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі заттарын тұтынбағаны анықталды. Қазіргі таңда жан-жақты тергеп тексеру амалдары басталды.

Б. Жұмабайұлы