Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қаңтарда полицияға алданып қалған 70 атыраулықтан арыз түскен

AstanaTV
27.01.2021ж. 20:00
2897
Қаңтарда полицияға алданып қалған 70 атыраулықтан арыз түскен

Арзан бағаға элиталық үй аламыз деп, қомақты қаражаттарын санап берген атыраулықтар бүгін прокуратураға келді. Айтуларынша сенімге кірген келіншек 185 млн теңгелерін қалтасына басқан. Ақшаларын қайтара алмай жүргендердің арасында несие төлеп отырғандары да бар. Полицияға арыз түсіргелі де 9 айдан асқан. Бірақ іс созбалаңға түсті дейді ашулы бұқара.

Атыраулық Гүлнәр Қуанышева 3 жастағы баласымен, тума-туысын жағалап жүр. Ол 2019 жылы "Нұрсая" мөлтекауданында орналасқан 3 бөлмелі пәтерін сатып, 12 млн теңгесін алаяқтың қалтасына салып берген.  Сенімге кірген келіншек болса, элиталық үйлерден бір емес,  екі пәтер алып беремін деп уәде етіпті.

Гүлнәр ҚУАНЫШЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мені алдап-алдап,  12 млн теңге ақшамды алып алды, әні берем, міні беремін , жазба, ақша берем деп. Содан  әлі жоқ. ақша да жоқ, ештеңе де жоқ. "Айбарша ақша берсейші",- десем, өзіміздің ақшаны сұрасақ, миялаулай бермеңдерді. Ақша жоқ.  күндеріңді көріңдер дейді. 3 жасағы қызыммен  қайдан күн көрем.

Ал, Есен Қадиев болса, алаяққа несие алып берген. Қазір банк алдындағы қарызын өтеп жүр. Одан бөлек қарызданған қаражаттарында қайтыруға мәжбүр.

Есен ҚАДИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Ол бізге  2 бөлмелі пәтер көрсетті.  Жаңа үйден. 8 млн жарымға алып беремін деп. Сонымен  күнде ертеңмен шаруа бітпей тұр. Өзім 8  жарым млн теңге салдым. Бір жерден 5 млн, бір жерден 4 млн жарым ақша алдым. Кредит алып салдым. Қазір анау 178 мың, анау 86 мың төлеп отырмын. 200 мыңның үстінде ақша төлеп отырмын.

Элиталы баспананы арзанға аламыз деп алданғандардың бас-аяғы қазір 20-дан асқан. Араларында 20 млн теңгеге дейін қаржы салғандары да бар. Көпшілігі қолма-қол апарып берген. Ақша бергендерін растайтын қолхаттарын арқалап, бүгін құзырлыларға келді. Прокурорлардың дерегінше, былтыр мамыр айында іс қозғалыпты. Тергеу ұзаққа созылғанын айтты. Енді бір айдың көлімінде сотқа жолдамақ.

Аршат ТАЙТУЛЛИН, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:


Алаяқтық фактісі бойынша 6 эпизодпен қылмыстық іс қозғалып,  өзінің ретімен сотқа жолданған. Бүгінгі күні сот ҚПК 323 бабымен кері қайтарылды. Сотта күдікті өзі қосымша адамдардың қылмыстық іске қатысы барын айтып,  сол фактілерді қайта тексеру жүргізу арқылы анықтау үшін  қазір кері жолданды.

Қаражаттарынан айрылып қалғандар, санап берген ақшаларын келіншектің кері қайтарып беретінінен үмітті. Бүгін тағы да оған телефон шалып көрді.

Сан соққандар миллиондарын қайтара ала ма, жоқ па енді ол соттың құзырында. Дегенмен соңғы уақытта адамдардың сеніміне кіріп, сон соқтыратын алаяқтардан аяқ алып жүру мүмкін болмай тұр. Полиция бір айдың ішінде 70 адамнан арыз түскенін хабарлайды.

Б. Нәдірқызы