$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордалық депутаттар халыққа қолжетімді болуы жолдарын қарастырып жатыр

AstanaTV
27.01.2021ж. 20:00
2546
Елордалық депутаттар халыққа қолжетімді болуы жолдарын қарастырып жатыр

Нұр-Сұлтандық мәслихат депутаттары халықтың өтінішін кез келген уақытта қабылдауға дайын. Кеше интернет- ресурстарына "халық жанашырларының" уатсап номерлері ашық түрде жарияланды. Енді тұрғындар көптен бері шешілмей келе жатқан мәселесін депутатқа тікелей жазып, жауап ала алады. Бұл бір ауыздан қолдау тапқан шешім деді, қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Қаналимов. Әріптесім Асылбек Данияр, тақырыпты жалғастырады.

Білім саласында еңбек етіп жүрген Ләззат Разбекова Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының VII шақырылымындағы депутат мандатына ие болды. Ол әлеуметтік желі арқылы ұялы телефон номерін жариялауды құп көргендердің бірі. Айтуынша, бұл істі бастағанына бір күн болмастан, халық тарапынан 50-ден астам ұсыныс хат пен өтініш келіп түскен. Депутат тұрғындардың көтерген мәселелерін шешуге бар күшімді саламын деп отыр. Тіпті, өзі сайланған Байқоңыр ауданы тұрғындарымен алғашқы кездесуінде ұйымдастырған.

Ләззат РАЗБЕКОВА-ТІЛЕУХАНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Көпшіліктің бас қатырар мәселесі бірінші - баспана оны бәріміз білеміз. Екіншіден, маған келіп түскен мәселелердің бірі инклюзивті білім беруге қатысты. Жалпы білім саласына, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты көптеген сұрақтар келіп жатыр. "Жанұя" орталығында кездесу өткіземіз, біразымен ZOOM арқылы онлайн кездесу өткіземіз. Әр адамның ұсынысы бейжай қалмайды.

Депутаттар мен халық арасында сенімді оятып, оларды жақындастыру үшін тағы да бір шара қолға алынған. Бұдан бұлай қалалық мәслихаттың сайтында "Депутатқа сауал" деген айдар жұмыс істейді.

Ерлан КАНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Ол бөлім негізінен депураттарға тікелей тұрғындарымыз жазып мәселелерін, тағы да бір қосымша құжаттарды сол жерге қосымша салып беруге болады. Олар депутаттардың пошталық мекен жайына тікелей түсіп, қаралғаннан кейін жазған өтініш иесіне жауабы толыққанды келетін болады.

Сонымен бірге, қалалық мәслихаттың алғашқы отырысында әр ықшамаудан мен тұрғын алаптарына да жеке депутаттар бекітіліпті. Олар жергілікті проблемаға баса назар аударып, мұқият зерттеп шығуы қажет. Дегенмен, мәселелер жалпы талқылауға түсіп, халықпен келіскен түрде шешілетін болады.

Нұрлан КҮПЕШОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мені Өндіріс тұрғын алабына бекітті. Яғни мен сол аумақтағы түйіткілді мәселелерді шешуге ат салысуым керек. Мұнда газдандыру, электр энергиясына қатысты сұрақтар көп. Біз оларды пысықтаймыз, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірге мәселені шешу жолдарын қарастырамыз.

Айтып өтейік, биыл тұңғыш рет жергілікті мәслихаттарға да партиялардың атынан үміткерлер бақ сынады.  Елорда бойынша 3 партия қалалық мәслихаттан орын алды. Олар: "Nur Otan", "Ақ жол" және "Қазақстан халық партиясы". VII шақырылымның құрамына 31 депутат енген. Олар халықты тоқсан сайын қабылдап, мәселесін шешуге ат салыспақ. Қабылдау уақыты мәслихатының ресми сайтында жарияланбақ.

А. Данияр