Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Аэрофлот" ұшақтары сәуірдің соңына дейін ұшпайтын болды

AstanaTV
28.01.2021ж. 20:00
2485
"Аэрофлот" ұшақтары сәуірдің соңына дейін ұшпайтын болды

Ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы Қазақстанның жеті қаласына ұшатын ұшақтарын шектеу мерзімін тағы ұзартты. Нақтырақ айтсақ, Мәскеуден Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай және Шымкент қалаларына қатынайтын рейстер сәуір айының соңына дейін ұшпайтын болды. Оған Covid-19-ға байланысты енгізіліп жатқан шектеулер себеп деп көрсетеліген, компанияның ресми сайтында. Айта кетейік, қазіргі уақытта "Аэрофлот" ұшақтары Мәскеуден тек Нұр-Сұлтан қаласына ғана қатынап жүр.

Авиакомпания сайтында немесе байланыс орталығында, аталған бағыттар бойынша билет сатып алған жолаушыларға билет құнын қайтару, қолданыстағы қағидаларға сәйкес автоматты түрде жүзеге асырылады. Ал "Аэрофлот" кеңсесінен немесе агенттіктерден сатып алғандар ақшасын қайтару үшін сол алған жеріне хабарласуы қажет.

Ә.Өмірзақ