Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / "Nur Otan" партиясы өңірлерді дамытуға арналған бағдарламасын бекітті

"Nur Otan" партиясы өңірлерді дамытуға арналған бағдарламасын бекітті

"Nur Otan" партиясы өңірлерді дамытуға арналған бағдарламасын бекітті. Партия аймақтардың дамуын жіті қадағаламақ. Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Фейсбуктегі" парақшасында жазды. Онда нұротандықтардың депутаттық корпусы алғашқы күннен бастап, сайлауалды уәделерді іске асыруға кіріскенін жеткізді. Сонымен, Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламаларының негізінде 2025 жылға дейінгі 216 аумақтық даму бағдарламасы бекітілді. Шалғай елдімекендегі халықтың әл-ауқатын жақсартуға басымдық берілмек. Бауыржан Байбек, партияға праймериз кезінің өзінде ел азаматтарынан 20 мыңнан астам ұсыныс келгенін айтты. Сондай-ақ, үгіт-насихат барысында тағы 42 мыңнан аса аманат келіп түскен. Соның дені жаңадан дайындалған аймақтық бағдарламада ескерілді, деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, "Nur Otan" депутаттары әрбір өңірде, қала мен ауданда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленеді. Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бір ай ішінде әрбір жылға нақты көрсеткіштері бар тиісті жол карталары әзірленіп, жария түрде қарауға ұсынылады.


Ә. Мүтәлі