Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Оның ішінде кісі өлтіру және қарақшылық шабуылдар да бар. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз, арнайы брифингте айтты. Ал 2021 жылдың алғашқы 2 аптасында 6 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Оның 35-і кісі өлтіру фактісі бойынша. Сондай-ақ көшедегі бейнекамера арқылы өткен жылы жол қозғалысы ережесін бұзудың 2 жарым миллион фактісі анықталған.
Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Мысалы, өткен жылы 2,6 миллион жол қозғалысы ережесін бұзушылық бейнекамера арқылы анықталды. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін министрлік биыл іске асыратын басқа пилоттық жобалардың ішінде баланың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін "Мені тап" балалар қауіпсіздігі жүйесі бар. Сондай-ақ, көшедегі Жедел шақыру "SОS түймесі".
Ә. Өмірзақ