Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы облысында бокс жаттықтырушысы 16 жастағы оқушыға қол көтерген

AstanaTV
01.02.2021ж. 20:00
1765
Алматы облысында бокс жаттықтырушысы 16 жастағы оқушыға қол көтерген

Алматы облысында бокс жаттықтырушысы шәкіртінің мұрнын бұзып қойды. Облыстық Полиция Департаменінің дерегінше, оқыс оқиға осыдан бір апта бұрын болған. Бірақ ол туралы енді ғана жалпақ жұртқа жария болып отыр. Еңбекшіқазақ ауданындағы жаттығу залдарының бірінде 16 жастағы оқушыны ұрды деген күдікпен бапкер қамауда отыр.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факт бойынша «орта деңгейдегі қасақана денсаулыққа зақым келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында анық-қанық жағдайлар анықталуда.

Сондай-ақ, тергеу кезіне күдіктінің кінәсі дәләлденсе, бапкер 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Облыстық аурухана дәрігерлері болса жәбірленушінің өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады. Қазір амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген деді.

Ә. Лесбек