Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың жағасын ұстатты

AstanaTV
01.02.2021ж. 20:00
36870
Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың жағасын ұстатты

Ақша табудың жаңа түрі ме? Әлде жол-көлік оқиғасы ма? Атырауда әлеуметтік желіде тараған мына видео жұрттың жағасын ұстатты. Онда көше бойымен келе жатқан Toyota Camry автокөлігіне жаяу жүргінші жүгіріп кеп соғылады. Көпшілік азаматтың бұл қылығын қымбат көлік иесінен ақша өндіру үшін жасалған әрекет деп бағалап, сыбап жатыр. Алайда  полицейлер 38 жастағы Атырау облысының азаматы көлікті көрмей, жолды кесіп өтпек болған,- деп отыр. Ал сол маңдағы жеке кәсіпкерлердің бірінің бейнебақылау камерасына түскен оқиғаны бәзбіреулер жылдам қозғалтып, әдейі монтаждаған дүние дейді полиция.
 
Нұрбақыт БАСАРОВ, АТЫРАУ қ.ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жылдам қозғалтып, видеоны тез жүргізіп,  солай түсіріп, солай лақтырып тұр. Және де әлеуметтік желіге «ақша табудың жаңа түрі» деп халықтаң арасында шу шығарайын деп па, сондай мақсатта салып тұр. Видеоны салған адамды біз анықтай алмадық. Бізге ол жердегі жеке кәсіп иелері  видеоларын көрсетпеді. Біз тек әлеуметтік желі арқылы сол баланы анықтап,  сол арқылы өзіне қатысты хаттама толтырып,  өзі кінәсін толық мойындап тұр.  


Полицейлер жаяу жүргіншілер өтуге арналмаған жерден өткені үшін, оған айыппұл салған. Айтып өтейік, бұл көшеге тұрақты жұмысы жоқ, күндік напақасын тауып жүргендер жиналады. Көлікке соғылған жігіт досымен бірге, кезекті жұмыс берушіге қарай асығыс қозғалғанын айтып ақталған. Алайда оқиға болғаннан күннен бастап, яғни екі күннен бері көлікке соғылған жігіт бұл жерден төбе көрсетпепті.

Б. Нәдірқызы