Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шымкенттегі көшелердің біріне шектеу қойылды

AstanaTV
01.02.2021ж. 20:00
2269
Шымкенттегі көшелердің біріне шектеу қойылды
Шымкентте құтыру ауруының ошағы табылды. Жұқпалы індет Жайлау мөлтек ауданындағы тұрғындардың бірінің өлген үш айлық күшігінен анықталған. Белгілі болғанындай, үй иесі құтырудан өлген үй жануарын қараша айында базар маңынан сатып алыпты. Бір айдан соң «оба» індетіне қарсы екпе жасатқан. Бірақ қаңтар айында кенеттен күшік ауырған. Өлген жануарға сараптама жасаған мамандар оның құтырудан өлгенін растап берді деді ветеринарлар. Десе де, күшіктің бұл кеселді қайдан жұқтырғаны жұмбақ күйінде қалып тұр.

Манарбек ЕРЖІГІТОВ, ШЫМКЕНТ қ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бірақ өлген кезінде күшіктен ешқандай құтыру ауруының клиникалық белгілері байқалмаған. Су ішкен, жарықтан қорықпаған. Ешқандай сілекей бөлінбеген. Ал құтыру ауруы кезінде сондай клиникалық белгілер байқалуы тиіс.


Қазір күшік иелері үй ішімен медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды. Отбасы мүшелеріне құтыруға қарсы екпе салынбақ. Індет тарап кетпес үшін мамандар, тұтас көшемен бірге, сол аумаққа шектеу шараларын енгізді. Ол екі айға жалғаспақ. Осы уақыт аралығында бұл аумақтағы қаңғыбас ит-мысықтар жаппай ауланбақ.

А. Төребекқызы