Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматылық полицейлерге электросамокаттар әпермекші

AstanaTV
01.02.2021ж. 20:00
1487
Алматылық полицейлерге электросамокаттар әпермекші

Жаз келе алматылық полицейлер электросамокаттармен және мотоциклдармен қамтылмақ. Мұны қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады. Бірақ жаңа бастамаға қанша қаражат кететінін айта алмады. Ол жағы әзір белгісіз дейді. Белгілісі қала ішіндегі қылмысты азайту үшін, жаяу патрульдер санын көбейту екеніне тоқталды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Жазда біз саябақтардағы, скверлердегі және жаяу жүргіншілер аймақтарындағы жаяу патрульдер санын көбейтуді болжап отырмыз, соған байланысты тағы 50 нарядты жаяу патрульге ауыстыру жоспарланып отыр.  Біз, сондай-ақ, осы патрульдерді электросамокаттармен жабдықтауды патрульдік полицияны мотоцикл құралдарымен жабдықтауды ұсынамыз.


Сондай-ақ полицейлер жұмысты жақсарту мақсатында бейнетіркегіштердің соңғы үлгісін сатып алған. Жалпы қалада жаяу патрульдер санының көбеюі бұған дейін оң әсерін берген. Мәселен, Жұлдыз шағын ауданында 2019 жылы 93 қылмыс тіркеліпті. Кейін ауданға үш жаяу патруль бөлініп, модульдік пост қойылған соң құқық бұзушылық саны 31%-ға төмендепті.

Ә. Лесбек