Павлодар облысында фермер 2 жылдан бері жер ала алмай жүргеніне шағым айтты. Ақсу қаласына қарасты Мәмәйіт Омаров ауылында шаруа қожалығын ашқан Рүстем Амантай, бұған жергілікті билікті кінәлайды. Ол әкімдік өкілдері жерді заңсыз бөліп жатыр дейді. Құжат бойынша алған жерінің жер актісін бермей қойған. Соның кесірінен шапқан шөбін ала алмаған. Тығырыққа тірелген фермер арнамыздан араша сұрады.
Рүстем Амантай осыдан 2 жыл бұрын ағайындарымен бірігіп, Мәмәйіт ауылында шаруа қожалығын ашқан. Мал басын көбейту үшін несие де алыпты. Алайда, малға азық дайындайтын жер ала алмай жүр. Әкімдіктен 100 гектар жер алу үшін өтініш берген. Олар ұсынған жердің барлық құжатын рәсімдеп болған кезде, ол жердің аяқ астынан иесі табылыпты.
Рүстем АМАНТАЙ, "ҚУАНЫШ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазір жерге иелік етіп отырған адамның мал басы саныны айтатын болсам, 2 сиыр, 2 жылқы 20 тауығы бар екен. Ақылды адамның көзқарасымен ойлайтын болсаң, ол кісіге 5 гектар жер жеткілікті де. Ол кісі қалай 100 гектар жерді ұстап отыр - деген сұрақ туындап тұр. Бұл кісіге қаулы 2017-де шықты 28 қаңтар шықты - дейді да. Ол кісі 2020-да августың 6-сы күні тіркетіпті. 9-ы күні гос акті алыпты. Ол қалай сонда?
Қожалықтың қожайыны осыны айтып талай жерге барған. Бірақ қайыр болмапты. Тіпті түсіндіріп беретін шенеунік табылмағанына күйінеді. Ал жергілікті атқамінерлер бұл - жердің қожайынанан кеткен қателік дейді. Десе де, әкімдік қаланың жерге жауапты мамандарына қатысты қызметтік тексеру бастапты.
Серік ҚАСЕНОВ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Шөп шабуға берілетін жерлер 4 жылға беріледі. сенокос дейміз. Төлеубаев деген адамда болған. 2017 жылы қаулы шыққан. Бірақ, ол адам қаулыны уақытында тіркемеген қаулысын. 2021 жылға дейін табысталған жанааы сенокос. Бірақ, бұл адам 6 августа былтыр 20 жылы тіркеген жерін. Ол енді қаулысы күшін жоймағандықтан, ол заңға қайшы емес.
Бұл мәселеген қатысты қызметтік тексеру қорытындысы 13-ші ақпанда шықпақ. Сол кезде бұл іске кімнің кінәлі екенін анықталмақ. Әзірге жер дауының немен аяқталары белгісіз.
Ө. Қуанар