Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шымкентте жоғары лауазымды шенеунік Қазақстан азаматтығынан айрылуы мүмкін

AstanaTV
04.02.2021ж. 20:00
1942
Шымкентте жоғары лауазымды шенеунік Қазақстан азаматтығынан айрылуы мүмкін

Шымкенттегі жоғары лауазымды шенеуніктің бірі, Қазақстан азаматтығынан айрылуы мүмкін. Дүйім жұрттың наразына іліккен шенді қалалық «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының басшысы. Олег Почивалов Қазақстанның ғана емес Ресей Федерациясының да азаматы болуы ықтимал. Бұл туралы әлеуемттік желіде ақпарат тарады. Ресми расталса, 45 жастағы шенеунік қызметінен шеттетіліп, ел азаматтығынан айырылуы бек мүмкін. Соңғы шешімді сот қабылдамақ.

Әли КӨМЕКБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 
Бүгін біздің қолымыздағы бар мәліметтерді алатын болсақ. Почивалов мырза сотқа арызданған екен. Ресми түрінде сәйкес құжат қолымызда. Соттың шешімін күтеміз. Ал енді сот ертеңгі күні не айтады соны біз қолданамызда, қалай болғанның өзінде бұл мәселе әрине біздің бақылауда тұр.


Ал аталған басқарма басшысының өзі қазіргі уақытта ақысыз еңбек демалысында. Олег Почиваловтың өзіне қатысты айтылған уәжге жазбаша жауап жолдады. Спорт басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратта: «Почивалов мұның бәрі белсенді топтың таратып жүрген әңгімесі. Мен тағы да өзімнің тек Қазақстанның азаматы екенімді мәлімдеймін» - деген. Сондай-ақ, оның 22-ші қаңтар күні сотқа арыз тастағаны айтылған. Өзімнің абыройым мен құқығымды қорғаймын делінген жазбаша мәліметте.

А. Төребекқызы