Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Жусан» операциясы аясында 12 адам Сириядан қайтарылды

AstanaTV
04.02.2021ж. 20:00
1966
«Жусан» операциясы аясында 12 адам Сириядан қайтарылды

«Жусан» операциясы жалғасты. Тағы бір топ қазақстандық елге қайтарылды. Отанына оралғандар жайлы сыртқы істер министрлігін ақпарат таратты. Министрлік бұл жолы Сириядан 12 адамның қайтарылғанын хабарлады. Олардың төртеуі ер адам, біреу әйел. Қалғаны балалар. Арасында ата-анасынан айрылған тұл жетімдер де бар. Сыртқа кеткен қандастарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыртқы істер министрлігі халықаралық  серіктестерінің қолдауымен қайтарған. Ұлттық заңнама мен халықаралық міндеттемеге сәйкес террорлық әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершіліке тартылады. Ал жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі. Еске салайық «Жусан» операциясының бірінші кезеңінде 47 қазақстандық Сириядағы әскери қақтығыс аумағынан қайтарылды. Екінші кезеңде 231 адам оралды. Олардың 156-сы балалар еді. Үшінші кезеңде 67 әйел мен 171 бала кері қайтқан. Операция шеңберінде қайтарылғанда ер адамдар қылмыстық жауапқа тартылды.

З. Санай