Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Үсіп қалған адамды құтқару операциясы

AstanaTV
04.02.2021ж. 20:00
2169
Үсіп қалған адамды құтқару операциясы

Қызылордалық құтқарушылар көпқабатты үйдің жертөлесінен қол-аяғы үсіп қалған адамды шығарып алды. Бұл жерге алдымен жедел-жәрдем қызметін шақыртыпты. Дәрігерлер қолқаны қапқан иіске шыдай алмай, төтенше жағдай мамандарын шақыртқан. Бес құтқарушы жедел әрекет етіп, өздігімен қоғала алмай жатқан 32 жастағы адамды сыртқа алып шықты. Сұрастыра келе оның тұрықты мекен-жайы жоқ екені анықталған. Оның жертөледе қанша уақыт жатқаны әзірге белгісіз.

Бақыт ЕМБЕРГЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мұндай жағдай биылдыққа бірінші рет. Бірақ соңғы 4-5 айдың кезінде осымен үшінші жағдай болып тұр. Екі жағдай бізде өрт сөндірушілерді шақырып, жер төреде өрт шығып жатыр деп. Тұрғылықты жері жоқ азаматтар өздеріне үйшік жасап алған. Темекі шегіп, ішімдік ішіп, көрпелерін өртеп алған. Сол адамдарды құтқарған болатын.

М. Тоқтасынқызы