Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жаңа ықшамаудандардың сусыз қалғанына ауа райы себеп болған

AstanaTV
04.02.2021ж. 20:00
1916
Жаңа ықшамаудандардың сусыз қалғанына ауа райы себеп болған

Оралда күн күрт жылынып, соңы жаңбырға ұласты. Көшелерді су басып, қала шетіндегі онға тарта жаңа ықшамаудан сусыз қалды. Шаһарды тіршілік нәрімен қамтитын «Батыс су арнасы» мекемесі тұрғын үйлерді судан ажыратуға мәжбүр болыпты. Мекеме өкілдерінің айтуынша, еріген қардың кесірінен кәріз коллекторындағы сарқынды судың деңгейі көтеріліп кеткен. Осының кесірінен облыстық балалар ауруханасы мен көпқабатты үйлердің жертөлесіне су басу қаупі төніп тұр. Қауіптің алдын алу үшін ауызсудан ағытқан.

Арман КЕНЖЕБАЕВ, «БАТЫС СУ АРНАСЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір балалар ауруханасының аумағындағы еріген қар суын сорғызып жатырмыз. Егер жаңбыр басылып, судың деңгейі түссе, үйлерге суды қайтадан қосамыз. Ешкімді сусыз қалдырғымыз келмейді. Кешкісін бірнеше сағатқа болса да қосуымыз мүмкін.

Е. Карин