Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Шымкент әкімдігі жылыту маусымын мінсіз бастау үшін өз үлесін сатады

AstanaTV
13.09.2017ж. 20:00
2943
Шымкент әкімдігі жылыту маусымын мінсіз бастау үшін өз үлесін сатады

Шымкент әкімдігі жылу энерго орталығындағы үлесінің 15 пайызын 1,5 млрд теңгеге сатпақшы. Қала билігі мекеменің көгілдір отынға қарызын жабу үшін осы қадамға барып отыр. Бұл туралы "Астана" арнасына әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Жылыту маусымы басталмай жатып қордаланған қарызды жабу жоспарланып отыр. Тиісті келісімге қол қою жұмыстары жүріп жатыр. Көпқабатты үйлерге жылу таратушы «Қуатжылуорталық» мекемесінің «Энергоорталық-3»-ке берешегі 1 млрд 800 млн теңгеге жеткен.

Әйгерім Жұмағұлова, Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы:

Қордаланған қарыз жылу өндіруші мекеме мен оны таратушы арасында тарифтің реттелмеуінен туындаған. Яғни «Энергоорталық-3» пен «Қуатжылуорталық» арасындағы мәселе. Қазір тариф реттелді, енді шығынға жол берілмейді. Алдағы маусымда мұндай олқылықтар болмайды деп ойлаймыз. Тұтынушылар үшін баға бұрынғы қалпында қалады.

Өткен жылыту маусымында шымкенттік жылу өндірушілер газға қыруар қарыз болған еді. Осыған орай «ҚазТрансГаз» «Энергоорталық-3»-ті  көгілдір отыннан ажырататыны туралы  бірнеше рет ескерткен. Әкімдіктің араласуымен мәселе уақытша шешілген.