Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Нұр Отан» фракциясы өкілдері Мәжілісте атқарылған жұмыстармен бөлісті

AstanaTV
12.09.2017ж. 20:00
2310
«Нұр Отан»  фракциясы өкілдері Мәжілісте атқарылған жұмыстармен бөлісті

Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының мүшелері екінші сессияның қорытындыларын жариялады. Жиынға Қазақстан халқы ассамблеясы депутаттық топтарының өкілдері де қатысты. Фракция мүшелерінің атсалысуымен өткен сессияда 14 заң жобасы аясында транспорт, балалар құқығы, білім, қаржы жүйесі мен өзге де бірқатар салаларды қарастыратын заңдарға өзгертулер енгізілді. Жұмыс барысында заңнамалық бастаманың конституциялық құқығы көптеп қолданылғаны ерекше аталды. Соңғы жылдары 45 заң жобасына 1834 түзету енгізілген.

Отырыста үшінші сессияның ашылуында Елбасы қойған мақсаттарды жүзеге асыру жоспары да сөз болды. Фракция басшысы "Ұлт жоспары", Елбасы жолдауы және жалпы бекітілген мемлекеттік бағдарламаларға екпін жасау керектігін айрықша атады. Алдағы уақытта "Ұлт жоспары" аясында тағы 59 заң жобасын қолға алу жоспарланған. Заңнамалық жобалар жан-жақты талқыланып, Елбасы қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша шаралар легі ұйымдастырылады. Жұмыс топтары мен комитеттердің жұмысы жіті назарда болмақ.